Гиперосмолярлы гипергидратация. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Гиперосмолярлы гипергидратация.



(гипертоникалық, ішкіклеткалық) – ішкі клеткалық кеңістікте және плазма осмолярының ұлғаюында тұз бен судың артық құрамда болуымен сипатталады. Ішкі клетка секторында тұздың артық болуы нәтижесінде (гиперосмия) клетка суының бір бөлігі ішкі клетка секторына орналасады да, клеткалық дегидратация пайда болады.

Негізгі себептері:

Тұз ерітінділерінің ауыз арқылы түсуі, мысалы, теңіз суын ішу.

Изотоникалық және гипертоникалық тұз ерітінділерін бүйректің шектелген функционалдық мүмкіндіктерінде парентералды енгізу.

Операция кезінде немесе кез–келген стресс кезінде антидиуретикалық гормон мен альдестеронның жоғарғы секреция фонындағы изотоникалық ерітінділердің мол инфузиясы кезінде.

Жедел бүйрек жетіспеушілігі, жедел гломерулонефрит, көбінесе натрий гидрокарбонаты ерітіндісін мол енгізуде.

Бүйрекасты қабығының ісуінде.

Клиникалық картинасы:

Ол ішкі гипергидратация және сыртқы клеткалық дегидратацияны ажыратады.

Теріасты ісігі, анасарка, өкпенің ісуі.

Гиповолемия белгілері: мойын венасының ісуі және қол ұшының сыртқа артқы жағының ісуі, ЦВД бірден көтерілуі, жүрек жетіспеушілігінің пайда болуы.

Тер қабатының қызаруы, лихорадка.

Тері асты ісіктерімен сәйкес келетін, қатты шөлдеу байқалады.

Клетканың кеберсу белгілері: психомоторлы қозу, гиперрефлексия, судорогалар, кома.

Зертханалық диагностика:

Плазмадағы натрий концентрациясының ұлғаюы (гиперосмия) және гемодилюция белгілері: гематокриттің түсуі, гемоглобиннің түсуі, эритроциттердің түсуі. Диурездің азаюы.

Емдеу:

Ол ішкіклеткалық сұйықтық осмолярлығын тұрақтандыруға және ішкіклеткалық су тапшылығын ликвидациялауға бағытталған.

5% глюкоза ерітіндісін тамырішілік инфузияға немесе суды ауыз арқылы беру және клетка сыртындағы сектордағы артық натрийді бір уақытта жою – салуретиктер мен осмодиуретиктерді тағайындау, тұзсыз диета, ауыр жағдайда – перитонеалды немесе гемодиализ.

 

Тесттер және жағдайлық есептер

1. Өңеш пен асқазанның варикозды кеңейген веналарын диагностикалау әдістері:

A. Лапароскопия

B. ФГДС

C. Лапароцентез

D. Бауыр артериографиясы

E. Пневмомедиастинография

 

2. Дуоденалды ойық жара кезіндегі ауыру сезімінің жойылып, меленаның пайда болуы тән:

A. Малигнизацияға

B. Стенозға

C. Пенетрацияға

D. Қан кетуге

E. Перфорацияға

3. Маллори–Вейс синдромы бұл:

A. Эрозивті–жаралы эзофагит

B. Кардио–эзофагеалды зонаның шырышының сызаттары

C. Эрозивті гастрит

D. Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

E. Өңеш және асқазан веналарының варикозды кеңеюі

4. Көп реттік құсудан кейінгі асқазан –12 елі ішектен қан кету тән:

A. Маллори–Вейс синдромына

B. Золлингер–Эллисон синдромына

C. Жедел панкреатитке

D. Асқазан ісіктерінде

E. Эрозивті эзофагитте

 

5. 12–елі ішектің тесілген жарасы кезінде, жедел аппендицит симптомдары..... салдарынан пайда болады:

A. Оң жақ мықын аймағында сұйықтық жиналуынан

B. Ішек парезінен

C. Реактивті сальпингиттен

D. Тифлиттен

E. Терминалды илеиттен

 

6. Гастродуоденалды қан кетуге тән симптом:

A. Мелена

B. «Қой құмалақ» тәрізді нәжіс

C. «Таңқурай желесі» тәрізді нәжіс

D. Креаторея

E. Стеаторея

7. Маллори–Вейс синдромы кезіндегі оптималды хирургиялық тактика:

A. Трансторакалды эзофаготомия, гемостаз

B. Трансторакалды антирефлюксті операция

C. Гастротомия және жыртылуларды тігу

D. Өңеш–асқазандық өтіс резекциясы

E. Асқазан резекциясы

8. Мелена – бұл:

A. Сұйық нәжіс

B. Қарамай тәрізді нәжіс

C. Креаторея

D. Қан аралас нәжіс

E. «Майлы» нәжіс

 

9. Меккел дивертикулының локализациясы:

A. Мықын ішек

B. Асқазан

C. 12 елі ішек

D. Тік ішек

E. Соқыр ішек

10. «Таңқурай желесі» нәжісі тән:

A. Бейспецификалық жаралы колит

B. Меккел дивертикулы

C. Ішек полипы

D. Асқазан жарасы

E. Тоқ ішек рагы

11. Ішектің шырышты қабатының «жұмыр тасты көпір» тәрізді өзгерісі тән:

A. Бейспецификалық жаралы колит

B. Ішек туберкулезы

C. Ішек дивертикулёзы

D. Ішек рагы

E. Крон ауруы

 

12. Бір географиялық аймақта тұратын адамдарда зоб байқалады:

A. эндемиялық

B. спорадиялық

C. жедел струмит

D. жалпы тиреотоксикоз

E. тиреоидит

13. Пламмер ауруы – бұл... зоб:

A. Түйінді токсикалық (токсикалық аденома)

B. диффузды токсикалық

C. спорадиялық

D. эндемиялық

E. эпидемиялық

14. Альвеококкоз және эхинококкоз жиі зақымдайды:

A. Бауырдың оң жақ бөлігін

B. Бауырдың сол жақ бөлігін

C. Бауыр қақпасын

D. Бауырдың артқы сегментін

E. Бауырдың алдыңғы сегментін

15. Он екі елі ішектің үлкен емізігінің орналасуының анатомиялық зонасы:

A. төменгі–горизондалды бұта

B. өрлеуші бөлігі

C. төмендеуші бөлігі

D. дуодено–еюналды иін

E. жоғары–горизондалды бұта

 

16. Ұйқы безіне оптималды хирургиялық жол..... арқылы:

A. Кіші шажырқай

B. Винслов тесігі

C. асқазан–тоқ ішектік байламы

D. мезоколон

E. асқазан–көкбауыр байламы

 

17. Жіңішке ішектің акелуші бөлігінің странгуляциясын резекциялау шекарасы, см.:

A. 5–20

B. 60–70

C. 20–30

D. 30–40

E. 5–10

18. ЖІӨ кең таралған диагностикалау әдісі:

A. артериография

B. лапароскопия

C. Құрсақ куысының көлемді R–графия

D. лапароцентез

E. Ультрадыбысты зерттеу

 

19. Бауыр тұйықтығы жоғалады:

A. Қуыс ағзаның перфорациясы

B. ЖІӨ

C. Бүйректің шаншу

D. Құрсақ ішілік қан кету

E. дивертикулит

 

20. Пилефлебит мына себептен дамуы мүмкін:

A. аппендикулярлы инфильтрат

B. катаралды аппендицит

C. периаппендикулярлы абсцесс

D. іріңді мезентериитпен деструктивті аппендицит

E. Аппендикулярлы шаншу

 

21. Науқасты поликлиникада тексеру барысында, клиникалық көрінісіне сүйене отырып, дәрігер <Жедел аппендицит>, диагнозын қойды, және бұл диагноз күдік туғызған жоқ. 3сағ. кейін, хирургиялық бөлімшеде науқастың субъективті жағдайы жақсарған: оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі мазаламайды, бірақ жедел аппендициттің басқа симптомдары сақталған. Спонтанды ауру сезімі не себепті басылды?

A. Диагноз қате қойылған, басқа ауру туралы ойлауға болады

B. Бос құрсақ қуысына құрт тәрізді өсіндінің перфорациясы болды

C. Ауру сезімінің басылу себебі – құрт тәрізді өсіндіде деструктивті үрдістің регрессиялануы

D. Аппендикулярлы инфильтраттың түзілуі

E. Жедел аппендициттің гангренозды формасы туралы ойлауға болады

 

22. Науқас ЖІӨмен операциялануд1) Операция барысында жіңішке ішектің 1, 5 м. 360градусқа бұралуы анықталды. Бұралуды түзеп, шажырқайға новокаинды блокада жасап, ішек ілмегін жылытқаннан кейін, ішек цианоздалған қоңыр қызыл түске ие болды, перистальтикаланбайды, шажырқайдың терминалды тамырларында пульсация анықталмайды. Хирургиялық тактиканың оптималды вариантын көрсетіңіз:

A. Келесіні орындау керек: жіңішке ішекті резекциялап, анастомоз салу, назоинтестиналды интубация

B. Назоинтестиналды интубация және лапаростомиямен шектелу

C. <бүйір бүйірге> илеотрансверзоанастомоз жасаған мақсаттырақ

D. Ішек резекциясынан сақтанып, операцияны лапаростомиямен аяқтау керек

E. Нобль бойынша интестинопликация көрсетілген

 

23. Науқас, 66 жас, келесі диагнозбен операциялануда: ЖІӨ, алғашқы белгілері үш күн бұрын пайда болған. Операция барысында саңылауды толық обтурациялаушы сигма тәрізді ішектің ісігі анықталды. Ісіктен проксималды орналасқан тоқ және мықын ішектері ісінген, сұйықтық және газға толған. Дисталды жағында сигма тәрізді ішек солған жағдайд1) Көрінетін метастаздар анықталмады. Науқасқа келесі көлемде операциялық араласуды орындау керек:

A. Гаген–Торн бойынша мезосигмопликация, колостомия

B. Сигма тәрізді ішектің обструктивті резекциясы, одноствольная колостомия, назоинтестиналды интубация

C. Назогастралды зонд

D. Айналмалы илеосигмоанастомоз <бүйір бүйірге>

E. Субтоталды колэктомия, энтеростомия

 

24. Науқас, 50 жаста, іштегі ұстамалы ауру сезіміне, жүрек айнуға, бір реттік құсуға шағымданады. Қарау барысында іштің үрленгені анықталады. Пальпацияда іші жұмсақ, ішек тітіркені симптомы теріс. Құрсақ қуысының көлемді рентгенограммасында <Клойбер тостағаншалары анықталады>. Сіздің диагнозыңыз?

A. Ішек инфаркты

B. Он екі елі ішектің перфорациялық жарасы

C. Жедел панкреатитпен асқынған, фатеров емізігінің таспен бітелуі

D. Бүйрек шаншуы

E. ЖІӨ

 

25. Науқаста, 36 жас, клиникаға түсер алдында екі сағат бұрын, тамақтан кейін, ішінде қатты ұстамалы ауру сезімі пайда болды. Көп реттік құсу болған – фекалоидты, бір реттік аз мөлшердегі нәжіс. Ауруға, науқаспен өз бетінше жүргізілген, бір апталық ашығу курсы себеп болған. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, төсектегі қалпы мазасыз. Акроцианоз, түл келбеті қиналған, тынысы жиі, пульс 112рет\минутына, АҚ. 100/60 мм с. б. Іші аздап үрленген, асимметриялық. Мезогастриде тығыз эластикалық, дөңгелек пішінді түзіліс пальпацияланады. Толғақ тәрізді аурудың шыңында күшейген, резонерлік перистальтика естіледі. <Шолпыл шуы> анықталады. Дұрыс клиникалық диагнозды көрсетіңіз.

A. Төмен түсуші тоқ ішек ісігі, жедел обтурациялық ішек өтімсіздігі

B. Аортаның құрсақ қуысының аневризмасы

C. Гангренозды холецистит, мүмкін перфорациямен

D. Жіңішке ішек бұралуы, жедел странгуляциялық ішек өтімсіздігі

E. Геморрагиялық панкреонекроз

 

26. Соқыр ішек рагы бар науқаста жедел ішек өтімсіздігі дамыды. Шұғыл операция барысында аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаймағаны, ісіктің алшақ метастаздары жоқ екені анықталды. Бұл науқасқа келесі операцияны жасаған мақсаттырақ:

A. Илеотрансверзоанастомозбен оң жақтық гемиколэктомия

B. Цекостомия

C. Соқыр және жоғары өрлеуші ішектердің резекциясы мен бірбағанды илеостомия

D. екібағанды илеостомия

E. Гартман операциясы

 

27. Науқаста, 70 жас, бір тәулік бұрын сигма тәрізді ішектің бұралуы болды. Операция барысында оның некрозы, тоқ ішектің ісінуі анықталды. Осы жағдайда операциялық араласудың оптималды вариантын таңдаңыз:

A. Екі бағанды сигмостомия

B. <соңы соңына> анастомозымен, сигма ішегінің резекциясы

C. <бүйір бүйірге> анастомозымен, сигма ішегінің резекциясы

D. Бір бағанды колостомамен, сигма ішегінің резекциясы

E. Қабырғалық сигмостомия

 

28. Науқаста жедел аппендицит және клиникалық белгілерсіз, оң жақ несеп ағардың ортаңғы үштен бір бөлігінде тас. Оған жасаған мақсаттырақ:

A. Аппендэктомия

B. Аппендэктомия және бір уақытта уретеролитотомия

C. Аппендэктомия және оң жақ несеп ағарды катетеризациялау

D. Аппендэктомия және нефростомия

E. Нефростомия

 

29. П атты науқаста, 60 жас, деструктивті аппендицитке типтік аппендэктомиядан кейінгі 6–шы күні температурасы жоғарылаған, қалтырау мен ентігу, құрғақ жөтел пайда болған. Осы жағдай төменде келтірілген жағдайлардың бірі болуы мүмкін:

A. Пневмония

B. Жедел холецистит

C. Пиелонефриттің өршуі

D. Жедел простатит

E. Құрсақ ішілік қан кету

 

30. 24–жасар студент қыз жүрек айну, құсу, 4 сағатқа созылған кіндік аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Соңғы жарты сағатта ауру сезімі іштің төменгі бөлігіне ауысқан. Температура 37, 8°. Лейкоцит 13 мың/мл. Менструалды цикл бұзылмаған. Сіздің диагнозыңыз:

A. Жедел пиелит

B. Жедел оң жақтық аднексит

C. Овариалды кистаның жыртылуы

D. Бұзылған жатырдан тыс жүктілік

E. Жедел аппендицит

 

31. Сізге тығыз аппендикулярлы инфильтратпен науқас келіп түсті. Бірінші күндердегі сіздің тактикаңыз:

A. Ішке суық басу, антибиотикотерапия

B. Асқазан декомпрессиясы

C. Жергілікті – УЖЖ немесе УКС

D. Оң жақ мықын аймағына жылу басу

E. Протеолитикалық ферменттерді парентералды енгізу

 

32. 18 жасар науқаста, аппендэктомиядан кейінгі 7–ші күні кіші жамбас қуысының кіші абсцессі дамыды. Сіздің әрекетіңіз:

A. Массивті антибиотикотерапия тағайындау

B. Абсцессті төменгі–ортаңғы әдіспен ашып, кіші жамбасты дренаждау

C. Абсцессті оң жақ мықын аймағы арқылы ашамыз

D. Абсцессті тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы ашу

E. Абсцессті оң жақтық құрсақтан тыс аймақ арқылы ашамыз

 

33. 40 жасар науқаста, гангренозды аппендициттен кейінгі аппендэктомиядан 2–күн өткен соң, ішек парезі, қалтырау пайда болған. Іштің оң жақ аймағындағы ауру сезімі мазалаған, бауыры ұлғайып, сарғыштану пайда болған. Ішек тітіркену симптомы анықталмайды. Сіз келесі асқыну жайлы ойлайсыз:

A. Перитонит

B. Диафрагма астылық абсцесс

C. Ішек аралық абсцесс

D. Пилефлебит

E. Бауыр астылық абсцесс

 

34. 23 жасар науқас, 8 апталық жүктілік, хирургиялық бөлімшеге келгеніне 3 сағат болған, жедел аппендицит диагнозын жоққа шығару үшін динамикалық тексеруді жүргізу мүмкін емес. Сіздің емдік тактикаңыз:

A. Лапароскопия өткізу

B. Науқсты бақылауды жалғастыру

C. Ультрасонография өткізу

D. Жүктілікті үзу, аппендэктомия

E. Жүктілікті үзу және лапароскопия өткізу

 

35. Жоғары тамақтанатын науқасқа жедел аппендицитке операция жасау барысында, тығыз аппендикулярлы инфильтрат анықталды. Сіздің тактикаңыз:

A. Инфильтраттың диагностикалық пункциясын өткізу

B. Операциялық жараны тігу

C. Қабынулық инфильтратты дәкемен бөгеп, дренаж қою

D. Өсіндіні инфильтраттан бөліп алып, аппендэктомия жасау

E. Дренаждау үшін инфильтраттың ревизиясын өткізу

 

36. Клиникада оң жақ мықын аймағындағы аппендикулярлы

Инфильтратқа байланысты тексеріліп жүрген науқаста 6–шы тәулікте іріңдеу белгілері пайда болған. Абсцессті ашу жолы:

A. Тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы

B. Төменгі орталықтық лапаротомия жасау

C. Ленандер бойынша ашу

D. Волкович–Дьяконов бойынша тіліп, құрсақ қуысын ашу

E. Құрсақ қуысынан тыс

 

37. 75 жасар науқас, сигма тәрізді ішек ісігіне байланысты ЖІӨмен кеш уақыттарда келіп түсті, келесі тактика рационалды:

A. Тексеру және операцияны 48–72 сағ кейін жасау

B. Қатаң консервативті терапия ғана

C. Инфузионды терапия және қайталамалы сифонды клизма

D. операцияға 2–3 сағат дайындап, Гартман операциясын жасау

E. Соңы соңына анастомозымен шұғыл сигма резекциясы операциясы

 

38. 45 жасар науқаста, клиникаға жедел панкреатитпен түскеннен кейін 10 күні гектикалық температура, қалтырау, формуланың солға жылжуы пайда болды. Эпигастрийде инфильтрат пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз?

A. Холангит

B. Пневмония

C. Май қапшығының абсцессі

D. Аорта аневризмасы

E. Құрсақ арты флегмонасы

 

39. Науқас жұмыс күнінің соңына қарай ұлғаятын, сол аяқ ісінуіне, беткей веналардың варикозды кеңеюіне және балтырындағы трофикалық жараларға шағымданады. 5 жыл бұрын сол жақ санының сынуына байланысты емделген. Ол кезде аяқ ісінуі болмаған. Тексеру барысында, тері асты веналарының варикозды кеңеюі, индурация және медиалды балтыр терісінің гиперпигментациясы, сан мен балтыр көлемінің ұлғаюы анықталды. Қандай арнайы әдістер арқылы диагнозды негіздеуге болады?

A. Белгіленген фибриногенмен радиоартериоиндикация

B. Ультрадыбысты ангиосканирлеу

C. Артериография

D. Өрлеуші лимфография

E. Реовазография

 

40. Науқас 50 жаста, аяқ веналарының варикозды кеңеюімен сырқаттанған. Ауыру сезіміне, сол санындағы беткей веналардың тығыздалып, қызаруына, бес күн бұрын пайда болған гипертермияға шағымданады. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Сол аяқ ісінуі мен цианозы анықталмайды. Сол санның ішке бетінде варикозды кеңейген веналар бойымен гиперемия және палпацияда саның ортаңғы үштен бірінде ауыру сезімді ауырлық сезімі анықталады. Емдік тактика?

A. Ангиография өткізу

B. Ультрадыбысты ангиосканирлеуден кейін, сан венасын байлау

C. Ультрадыбысты ангиосканирлеуден кейін Троянов–Тренделенбург, Маделунг операциясын жасау

D. Санның ортаңғы үштен бірінде варикозды веналарды байлау

E. Қатаң төсектік режим және консервативті ем тағайндау

 

41. 70 жасар науқасқа перфоративті аппендицитке байланысты аппендэктомия жасалған. Операциядан кейінгі кезеңде аяқтың терең веналарының тромбозының алдын алу үшін ем тағайындаңыз:

A. Аяқтарды эластикалық бинтпен орау, науқастың ерте активизациясы

B. Ұзақ және қатал төсектік режим

C. Аяқ басын жоғары көтеріп жату

D. Гепаринотерапия

E. Аминокапрон қышқылын енгізу

 

42. Аяқтың беткей веналарының варикозды кеңеюі бар науқастарға келесі тест жүргізіледі: аяққа үш жгут салады. Науқас жүруі керек. Жгуттар арасындағы варикозды түйіндердің қанға толуы перфорантты веналардың қақпақшаларының тұрақсыздығын айтады. Бұл сынама:

A. Претт

B. Тренделенбург

C. Шейнис

D. Пертес

E. Ловенберг

 

43. 62 жасар науқасты 10 жыл бойы сол аяғындағы ауру сезімі мазалайды, тоқтаусыз 50 м жүре алады. Сол табаны мен балтырының терісі бозарған, ұстағанда салқын, активті қозғалыстар толық мөлшерде. Сол жақ шап қатпарындағы сан артериясының пульсациясы анық 1) poplitea және 1) tibialis posterior анықталмайды. Ангиографияда сан артериясының санның ортаңғы үштен біріне дейінгі суреті көрінеді. Жиектері тегіс емес, ирелеңдеген. Тізе арты артерия жақсы көрінетін коллатералдар арқылы толады. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:

A. Рейно ауруы

B. Лериш синдромы

C. Сол сан артериясының эмболиясы

D. Сол сан артериясының жедел тромбозы

E. Сол сан артериясының атеросклеротикалық окклюзиясы

 

44. ЖИА және жыпылықтаушы аритмиямен ауыратын 56 жасар науқаста, оң мықын артериясының эмболиясы диагностикаланды. Осы науқаста гемостаз жүйесін зерттеу барысында келесі бұзылыстарды күтуге болады:

A. Гипокоагуляция

B. Гиперкоагуляция, фибринолиздің төмендеуі

C. Қан қоюлығының төмендеуі

D. Анемия

E. Тромбоциттер гипоагрессиясы

 

45. 55 жасар ер адам, қабылдау бөліміне көп мөлшерде қан құсумен түсті. Тексеру барысында іштің алдыңғы қабырғасынығ керілуі, беті және денесінде телеангиоэктазиялар анықталды. ФЭГДС: Жұмсақ тромб және өңештің дисталды бөлігіне қанның келуі. Құсудың мүмкін болатын себебі?

A. Привратниктің өтімсіздігі

B. ӨВКВ жыртылуы

C. Асқазан ойық жарасы

D. Өңеш карциномасы

E. 12елі ішек ойық жарасы

 

46. Бір неше жыл бойы науқас ЖИА байланысты емделген. Медикаментозды ем эффект бермеген. ЭКГ: ЖИА нақтылайтын белгілер жоқ. Ауыру сезімі жиі тамақтан кейін, мойын, кейін төс аймағында пайда болатын. Құсудан және көп реттік кекіруден кейін жеңілденетін. Диагноз:

A. ЖИА

B. Кардиоспазм

C. Өңеш ісігі

D. Өңеш дивертикулы

E. Өңештің тыртықтық тарылуы

 

47. Ойық жараға байланысты Бильрот ІІ бойынша операциядан кейін бір неше айдан соң 48 жасар әйел жүрек қағуына, тершеңдік, диарея және тамақтан соң 30 минут өткен соң пайда болатын беттің қызаруына шағымданады. Сіздің диагнозыңыз:

A. Асқазан парезі

B. Демпинг–синдром

C. Әкелуші ілмек синдромы

D. Анастомозит

E. Пептикалық жара

 

48. 60 жасар ер адам жүргенде пайда болатын сол аяғындағы ауыру сезіміне және жансыздануға шағымданады. Демалғаннан кейін ауыру сезімі жойылады. Бір неше жыл бойы импотенциямен ауырады. Тексеру барысында сол аяқ бұлшық еттерінің атрофиясы анықталды. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A. Лериш синдромы

B. Омыртқа аралық диск жарығы

C. Сол жақ коксоартрозы

D. Сол жақ ишиорадикулит

E. Рейно синдромы

 

49. Клиникаға флегмонозды холециститпен түскен науқаста, ем барысында қалтырау, сарғаю, гипертермия пайда болды. Перитонит симптомдары жоқ. Науқаста дамыған асқынуды атаңыз.

A. Дуоденалды емізікте қысылған тас

B. Өт қабының эмпиемасы

C. Бауыр асты абсцессі

D. Өт қабының перфорациясы

E. Іріңді холангит

 

50. 57 жасар науқаста, қосалқы ауруымен асқынбаған, жедел деструктивті холецистит диагностикаланды. Жергілікті перитонит белгілері жоқ. Ауырғанына 2 тәулік. Оптималды емдеу тактикасын таңдаңыз.

A. Алдыдағы 8–12 сағатта операцияға алу

B. Антибактериалды терапия курсын өткізу

C. Инфузиялық терапия, консервативті ем

D. Емдеу тактикасы УДЗ нәтижесіне байланысты емес

E. Қабыну үрдісын басқаннан кейін, операцияны жоспарлы түрде жүргізу

 

51. Ауыр БД ауыратын, ТЖ декомпенсациясымен жедел флегмонозды холециститі бар 62 жасар науқасқа көрсетілгенлет?

A. А\Б препараттармен тек консервативті ем

B. Шұғыл холецистэктомия

C. Лапароскопиялық холецистэктомия

D. УДЗ бақылауымен өт қабын тері арқылы дренаждау

E. Операция жайлы сұрақты ТЖ жойғаннан кейін шешу

 

52. 42 жасар науқас жауырын мен арқаға иррадиацияланатын оң қабырға астындағы және эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Соңғы 2 жылда, майлы тамақты ауыр көтереді. Дене температурасы 38, 2° С, лейкоцит 15, 8x10\9 /л. Оң қабырға астындағы және эпигастрий аймағындағы бұлшық еттердің ауру сезімі мен қатаюы анықталады. Ортнер симптомы оң. Ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз.

A. Жедел панкреатит

B. Перфоративті гастродуоденалды жара

C. Перфоративті аппендицит, перитонит

D. Жедел деструктивті холецистит

E. Инфицирленген панкреонекроз

 

53. 67 жасар науқасты тексеру барысында сіз жедел деструктивті холецистит диагностикаладыңыз. Жергілікті перитонит. Сіздің емдеу тактикаңыз?

A. Науқастың егде жасына байланысты консервативті ем

B. 2 тәулікте консервативті емнің нәтижесі болмаған жағдайда оперативті ем

C. Тактикалық шешім қабылдау, аурудың ұзақтығына байланысты

D. Мерзімдік операция көрсетілген (<суық мезгілде>)

E. Шұғыл операциялық ем

 

54. ӨТА ауруымен ауыратын 65 жасар науқаста, диетаны бұзғаннан кейін, іштің жоғарғы аймағында белбеу тәрізді ауру сезімі, көп реттік құсу пайда болды. Жағдайы ауыр. Склералары субиктериялық. ЖЖЖ 120рет\минутын1) АҚ 90/60 мм. с. б. Тілі құрғақ, ақ дақпен жабылған. Іші жоғарғы аймақта ауыру сезімді, бұлшық еттері регидті, перкуторлы дыбыстың бәсеңдеуі анықталады. Өт қабы пальпацияланбайды. Щеткин–Блюмберг симптомы оң. Ортнер симптомы теріс. Ішек шулары әлсіреген. Шолпыл шуылы анықталмайды. Сізідің болжама диагнозыңыз?

A. Перфоративті гастродуоденалды жара

B. ЖІӨ

C. Деструктивті холецистит

D. Панкреонекроз

E. Мезентериалды тамырлардың жедел окклюзиясы

 

55. ӨТА ауыратын 65 жасар науқасқа – панкреонекроз диагнозы койылды. Қандай зерттеу әдістері арқылы берілген диагнозды анықтауға болады?

A. Құрсақ қуысы ағзаларының көлемді рентгенографиясы

B. Лапароскопия

C. Ішекті R–контрастты зерттеу

D. ФЭГДС

E. Қан және зәрді активті амилазаға тексеру

 

56. ӨТА ауыратын 65 жасар науқасқа – панкреонекроз диагнозы койылды. Науқасқа лапароскопия жасалды. Төмендегілердің қайсысын панкреонекроздың лапароскопиялық белгілеріне жатқызуға болады?

A. Геморрагиялық выпот, стеатонекроз дақтары

B. Құрсақ қуысындағы дақтар

C. Іріңді экссудат

D. Гепатомегалия

E. Диафрагманың оң күмбезінің жоғары орналасуы

 

57. 65 жасар науқасқа – жедел панкреатит диагнозы койылды. Перитонит. Диагноз УДЗ дәлелденген. Оптималды емдеу әдісін таңдаңыз.

A. Шұғыл лапаротомия

B. Лапароскопия, сұйықтық табылғанда лвапаротомияға көшу, реанимация бөлімшесіндегі консервативті ем

C. Лапароскопия, санация, құрсақ қуысын дренаждау, реанимация бөлімшесіндегі консервативті ем

D. 24 сағатта консервативті ем нәтижесіз болғанда, лапаротомды араласу көрсетілген

E. Хирургиялық бөлімшедегі, 12 сағаттық ем нәтижесіз болғанда, лапоротомды ем

 

58. Стационарға, 35 жасар науқас, іштің жоғарғы аймағындағы кенеттен пайда болатын белбеу тәрізді ауыру сезіміне, басылмайтын көп реттік өтпен құсуға шағымданып госпитализацияланды. Ауыру сезімі көп мөлшерде алкоголь мен майлы тағамды пайдаланғаннан кейін 6сағ соң пайда болды. Жағдайы орташа ауырлықт1) Тері жабындылары қалыпты, ылғалды. ЖЖЖ 94 рет\минутын1) АҚ 110/80 мм. с. б. Іші үрленбеген, эпигастрий және сол қабырға асты аймағында ауыру сезімді. Алдыңға құрсақ бұлшық еттерінің регидтілігі анықталады. Щеткин–Блюмберг симптомы теріс. Пастернацкий симптомы екі жақтан да теріс. Перистальтика әлсіреген. Нәжіс жоқ, газдар шығады. Зәр шығару бұзылмаған. Сіздің болжама диагнозыңыз?

A. Сол жақ бүйректік шаншу

B. Жедел странгуляциялық ішек өтімсіздігі

C. Ішек инфаркты

D. Асқазан ішектік қан кету

E. Жедел панкреатит

 

59. Стационарға 35 жасар науқас жедел панкреатит диагнозымен госпитализацияланды. Қандай зерттеу әдістері арқылы берілген диагнозды анықтауға болады?

A. Кеуде торы ағзаларының көлемді рентгенографиясы

B. Құрсақ қуысы және құрсақ арты кеңістігі ағзаларының УДЗ

C. Ішекті R–контрастты зерттеу

D. ФЭГДС

E. Экскреторлы урография.

 

60. 45 науқаста алиментарлы этиологиялы деструктивті панкреатиттің консервативті терапиясы фонында, госпитализациялаудан 7 күннен кейін гектикалық температура, тахикардия, қалтырау, лейкоцитарлы формуланың нейтрофилды жылжуы анықталды. Тексеру кезінде, тері жабындылары қалыпты, ылғалды. Өкпесінде қатаң тыныс естіледі, сырылдар жоқ. Тілі құрғақ. Іші үрленбеген, жұмсақ, эпигастрий, сол жақ қабырға астында ауру сезімді. Дәл осы жерде 10x15 см тығыз жылжымайтын инфильтрат анықталады. Перитонеалды симптомдар жоқ. Нәжісі күнделікті. Диурез жеткілікті. Сіздің диагнозыңыз?

A. Іріңді холангит

B. Өкпе абсцессі

C. Кіші жамбас абсцессі

D. Бауыр абсцессі

E. Май қапшығының абсцессі

 

61. 45 жасар, алиментарлы этиологиялы деструктивті панкреатитпен ауыратын науқаста, құрсақ арты қуысының абсцессі анықталды. Сіздің ары қарайғы емдеу тактикаңыз?

A. Инфузиялық, антибактериалды және қабынуға қарсы терапия, динамикалық бақылау

B. Антибактериалды терапиямен қоса октреотид ацетаты және антиферментті препараттар

C. Хирургиялық араласу

D. Инфузиялық және қабынуға қарсы терапия, динамикалық бақылау

E. Лапароскопиялық дренаждау

 

62. Клиникаға флегмонозды холециститпен госпитализацияланған науқаста, келесі үш күнде қалтырау, сарғаю, гипертермия пайда болды. Перитонит симптомдары жоқ. Науқаста келесі асқыну дамыды:

A. Үлкен дуоденалды емізік стенозы

B. Өт қабының бітеліп толуы

C. Жедел панкреатит

D. Перфоративті холецистит

E. Холангит

 

63. Науқаста ұйқы безінің жедел ісінуі диагностикаланды. Сіздің тактикаңыз?

A. Лапаротомия, құрсақ қуысын дренаждау

B. Лапаротомия, без капсуласын тілу

C. Инфузионды терапия антиферментті және цитостатикалық препараттар

D. Ұйқы безінің дисталды резекциясы

E. Puestov операциясы

 

64. 26 жасар науқаста, 12сағ бұрын ауырғаннан кейін – жедел панкреатит, ферментативті перитонит диагнозы қойылды. Оған көрсетілген:

A. Шұғыл лапаротомия, санация, дренаждау

B. Құрсақ қуысын лапароскопиялық дренаждау

C. Құрсақ артериясының емдік катетеризациясы

D. Тері арқылы гепатохоледохостомия

E. Құрсақтан тыс парапанкреатикалық клетчатканы дренаждау

 

65. Деструктивті панкреатиті бар 30 жасар науқаста, клиникаға түскеннен соң 10 күннен кейін, гектикалық температура, тахикардия, қалтырау, қанның лейкоцитарлы формуласының оңға жылжуы анықталды. Эпигастрийде инфильтрат пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз:

A. Холангит

B. Пневмония

C. Ұйқы безінің кистасы

D. Паранефрит

E. Май қапшығының абсцессі

 

66. Бір ай бұрын деструктивті панкреатитті өткерген науқаста, іштің жоғарғы бөлігінде, ортасында флюктуациясы бар көлемді түзіліс анықталады. Іші жұмсақ, перитонеалды белгілерсіз. Температура және қан формуласы қалыпты. Сіздің диагнозыңыз:

A. Ұйқы безі ісігі

B. Май қапшығының абсцессі

C. Ұйқы безінің жалған кистасы

D. Ұйқы безінің шынайы кистасы

E. Псевдотуморозды панкреатит

 

67. Бауырдың оң жақ бөлігінің төменгі бетінде, бөлшектік перицистэктомиямен эхинококкэктомия жсалды. Қалған қуыс 10 см. Осы қалған қуысты келесі әдіспен жабады

A. Дәкелік тампондармен дренаждау

B. Оментопексия, дренаж

C. Марсупиализация

D. Диафрагма лоскутымен миопластика

E. Қуысты дренаждаудың қажеті жоқ

 

68. Жедел калькулезды холециститке байланысты жасалған холецистэктомиядан кейін, 3 айдан соң науқаста жиі болатын сарғаю және қалтыраумен қатар жүретін бауырлық ұстама байқалады. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A. Инфекциялық гепатит

B. Индурациялық панкреатит

C. Резидуалды холедохолитиаз

D. Бауыр циррозы

E. Ұйқы безі басының рагы

 

69. Екі ай бұрын холецистэктомия кезінде, қателікпен холедох тілініп қайта тігілген болатын. Карап тексеру кезінде науқаста сарғыштану. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A. Холедохолитиаз

B. Ұйқы безі басының рагы

C. Гепатит

D. Холедох стриктурасы

E. Бауыр циррозы

 

70. Холецистэктомиядан соң, жақын операциядан кейінгі кезеңде сарғыштану жаймен жоғарылайды, интраоперациялық холангиография, бауыр ішілік өзектердің паиологиясын көрсетпеген болатын. Сарғыштанудың себебі:

A. Сары сулық гепатит

B. Холедохтағы тас

C. Гемолитикалық сарғыштану

D. Холедохтың операциялық жарақаты (қабырғалық лигирлеу)

E. Резидуалды тас

 

71. ПГ асқынған БЦ кезінде, порто–фугалды анастомоз түзіледі. Профузды қан кетудің себебі болатын, порто–кавалды анастомоздардың локализациясын көрсетіңіз:

A. Ректо–сигмоидты бөлік

B. Кардио–эзофагеалды зона

C. Алдыңғы құрсақ қуысы

D. Жіңішке ішектің бұлшық етті–шырыш асты қабаты

E. Паранефралды клетчатка аймағы

 

72. 30 жасар науқас, етеккір алдындағы сүт безіндегі ауру сезіміне шағымданады. Пальпация кезінде сүт безінде көптеген майда тығыздалған ауру сезімді аймақтар анықталады. Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғаймаған. Болжама диагноз?

A. Сүт безінің екі жақтық рагы 1 ст.

B. Өзек ішілік папилломалар

C. Фиброаденома

D. Фиброзды–кистозды мастопатия

E. Сүт безінің метастатикалық рагы

 

73. 32 жасар науқаста, диффузды фиброзды–кистозды мастопатия диагностикаланды. Қандай ем тағайындаған жөн?

A. Эстроген препараттары

B. Физиотерапия

C. Калий йодидін ұзақ қабылдау

D. Сүт безінің секторлық резекциясы

E. УЖЖ

 

74. Әйел, 35 жаста, сүт безінде 3 түйін анықтаған, бұған дайін етеккір алдында болатын сүт безінде дискомфорт сезетін. Түзілістер тегіс, шекарасы анық, аздап жылжымалы. Қандай әдіс диагнозды анықтайды?



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-07-14; просмотров: 519; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.68.182 (0.345 с.)